Қырғызстанның Ош облысында жер сілкінісінен 58 адам қаза тапты (толықтырылған нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның Ош облысында жер сілкінісінен 58 адам қаза тапты (толықтырылған нұсқасы)

Қырғызстанның Ош облысында жер сілкінісінен 58 адам қаза тапты (толықтырылған нұсқасы)

Алматы. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Ош облысының Алай ауданында болған жер сілкінісінен Нұра ауылында 58 адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Кабар" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 6 Қазан 2008
  • 344
Фото - Caravan.kz

Қырғызстанның ТЖМ-нің хабарлауынша, ауылдағы 150 үйдің 120-сы толық қирап, 50 -ден астам адам зардап шеккен, жол қирап, байланыс үзілген. Оқиға орнына бүгін таңертеңгі сағат 8.40-та Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрі Камчыбек Ташиев пен Ош облысының губернаторы Аалы Карашев құтқарушылармен бірге аттанып кетті.

Жер сілкінісі кеше сағат 22.53-те болған, сілкініс ошағында оның қуаты Рихтер өлшемі бойынша 8 баллға жеткен.

Жер сілкінісінің ошағы болған Алай ауданында жер сілкінісінің қуаты 8, облыс орталығы -Ош қаласында — 6,5, Бішкекте — 3-4 балл болды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Білім және ғылым министрлігінің сейсмология институтының мәліметінше, 5 қазанда сағат 21.54-те Қырғызстан аумағында энергетикалық классы 14,5 болатын жер сілкінісі болды. Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 405 шақырымда болды.

Таразда қуаты 3-4 балл, Алматы мен Шымкентте 2 балл жер асыты дүмпулері сезілді. Құрбан болғандар, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар