Қырғызстанның Ош облысының губернаторы отставкаға жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның Ош облысының губернаторы отставкаға  жіберілді

Қырғызстанның Ош облысының губернаторы отставкаға жіберілді

Бішкек. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің жарлығымен Ош облысының губернаторы Жанторо Сатыбалдиев қызметінен босатылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 27 Қараша 2007
  • 425
Фото - Caravan.kz

«Қырғызстан президенті мемлекеттік әкімшіліктің басшысы, Ош облысының губернаторы Жанторо Сатыбалдиевтің жұмысында жіберген кемшіліктері үшін, оны қызметінен босату туралы жарлыққа бүгін қол қойды», — деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

Президент өзінің басқа жарлығымен Қырғызстан президент әкімшілігінде жұмыс істеген Аалы Карашевты Ош облысының губернаторына тағайындады.

Бүгін қаржы полициясы, Ж. Сатыбалдиевке қатысты қылмыстық іс қозғады. Оған қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылуда.

«Қылмыстық істің қозғалуына, облыс әкімшілігі басшылығы қызмет міндеттерін асыра пайдалануы себеп болып отыр «, — деп хабарлайды баспасөз қызметі..

ҚР қаржы полициясының пікірінше, Ж. Сатыбалдиев «Қант цемент-шифер комбинаты» ААҚ дайын өнімін сату туралы шешімін шығарған. Ал құжат арқылы ол Қырғызстан үкіметінің «Республика тұрғындарын цемент және шифермен қамтамасыз ету шараларын қамтамасыз ету туралы» қаулысының талабын бұзған», деп түсіндірді қаржы полициясы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті