Қырғызстанның Ош қаласында көптеген дәмханалар мен дүкендер жабылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның Ош қаласында көптеген дәмханалар мен дүкендер жабылып қалды

Қырғызстанның Ош қаласында көптеген дәмханалар мен дүкендер жабылып қалды

2010 жылғы маусым оқиғаларынан бері бір жыл өткеніне байланысты тәртіпсіздіктер болуы мүмкін деп қауіптенгендіктен, Ош қаласының орталығында орналасқан көптеген дәмханалар мен дүкендер жабылып қалды,деп хабарлайды ҚырТАГ.

  • 10 Маусым 2011
  • 382
Фото - Caravan.kz

«Тәртіпсіздіктерден қауіптенген адамдар еске алу шаралары өткен уақытқа дәмханаларын, мейрамхана мен дүкендерін жапты. Ош қаласының орталық көшелеріндегі сауда нүктелері мен қоғамдық тамақтану орындары жұмыс істемейді», — деп хабарлады оқиға орнында жүрген ҚырТАГ тілшісі.

Жұмыстарын жалғастырған дүкен иелері «қалада бұрыннан жайылған тәртіпсіздіктер туралы сөздерге сенбейтіндерін» айтуда.

ҚырТАГ тілшісінің хабарлауынша, Ош мэриясының 2011 жылдың 30 мамырынан 9-10 маусымына дейінгі кезеңде алкоголь сусындарын сатуға тыйым салғанына қарамастан, жұмыс істеп тұрған кейбір сауда нүктелерінде спиртті ішімдіктер сатылып жатыр.

Оштағы мемлекеттік және муниципалдық мекемелер әдеттегі кесте бойынша жұмыс істеп, қоғамдық көлік белгіленген кесте бойынша қатынауда.

2010 жылдың маусым айында Қырғыз Республикасының (ҚР) оңтүстігіндегі оқиғаларды тергеу жөніндегі халықаралық комиссияның мәліметтеріне сәйкес, этносаралық қақтығыстың нәтижесінде қаза болғандардың саны 470-ке жуық. Қаза болғандардың 74% — өзбектер, 25% — қырғыздар.

Еске сала кетейік, аймақта тәртіпсіздіктерге жол бермеу үшін бұқаралық шаралар, мектеппен қоштасу кештерін өткізуге тыйым салынған болатын. ҚР ІІМ арнайы бөлімшелері елдің оңтүстігіне тартылды.

Соңғы жаңалықтар