Қырғызстанның парламенттік делегациясы грузин-осетин шиеленісін реттеуде делдалдық қызметін ұсынбақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның парламенттік делегациясы грузин-осетин шиеленісін реттеуде делдалдық қызметін ұсынбақшы

Қырғызстанның парламенттік делегациясы грузин-осетин шиеленісін реттеуде делдалдық қызметін ұсынбақшы

Бішкек. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның парламенттік делегациясы грузин-осетин шиеленісін реттеуде делдалдық қызметін ұсынбақшы, деп хабарлайды агенттік тілшісі осы елдің БВҚ-тарына сілтеме жасап.

  • 11 Тамыз 2008
  • 522
Фото - Caravan.kz

Қырғызстанның парламенттік делегациясы оңтүстік Осетияның Цхинвали қаласына барып, Грузиямен арадағы шиеленісті реттеуде бітімгершілік қызмет көрсетпекші.

Қырғызстанның 4 адамнан құралған делегациясы бүгін түнде Владикавказға ұшып, сосын Оңтүстік Осетия астанасы — Цхинвалиға жол тартады. Бұл жерде өкілдер танылмаған республиканың басшылығымен кездеспекші. Бұдан дейін бітімгерлер Грузия астанасына бет алып, онда Михаил Саакашвилимен кездеспек ниетте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар