Қырғызстанның президенттік сайлауында жас үміткер жеңіп шығады, деп экстрасенс болжап отыр
Экстрасенс Алмакан Бекованың болжауынша, Қырғызстандағы президенттік сайлауларда жас үміткер жеңіп шығады, деп хабарлады ҚырТАГ. |
«Жас кандидат жеңіп шығады. Қазір билік басында отырғандардың ешқайсысы сайлауда жеңбейді. Қазір билік басында жоқ жас азамат президент болады», - деді А. Бекова сейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.
2008-ші жылы ол Құрманбек Бакиевті биліктен кетуге мәжбүр етеді, және сол кезде қан төгіледі, деп сәуегейлік айтқан. «Сол үшін мен елден кетуіме тура келді», - дейді көріпкел.
«Қырғызстанға былтырғы мамыр айында оралған соң мен маусым айындағы оқиғаларды болжадым, бірақ маған ешкім сенбеді. Мен арнайы Исмаил Исаковқа (2010-шы жылы қорғаныс министрі – ҚазТАГ) кіріп, оны жақында оңтүстікте қан төгілетіні туралы ескерттім», - деді А. Бекова.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін