Caravan Logo

Қырғызстанның Қазақстанға көгілдір отын үшін қарызы 30 млн. долларға жетті

Қырғызстанның Қазақстанға көгілдір отын үшін қарызы 30 млн. долларға жетті

Сондықтан, еліміздің "ҚазТрансГаз" Ақционерлік қоғамы қырғыз елінің солтүстігіне көгілдір отынды жеткізуге тыйым салды.

"Қаз ТрансГаз" бен "ҚырғызГаз" компаниялары арасындағы келісімшарт бойынша, Қырғыз Республикасының солтүстігіне көгілдір отын қаржы артық төленген жағдайда ғана тасымалдану керек еді. Енді "ҚазТрансГаз" компаниясы келісілген төлемдердің болмауынан, сондай-ақ "Қырғыз Газдың" АҚШ алдындағы 3,5 миллион доллар қарызы мен өткен жыл бойы жиналған 26,6 миллион доллар берешегін ескере отырып, газ тасымалдауды азайтты.