«Егер қала бойынша қандай-да бір бассыздық болатын болса, біз тек заң аясында қатал шара қолданамыз»,-деді М.Суталинов.
Ол, Бішкекте тәртіпті қамтамасыз ету үшін ҰҚҚ бірнеше жедел тобының жұмылдырылғанын жеткізді. Арнайы қызмет басшысы құқық қорғаушылар тарапынан қару жарақ қолданылуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. М.Суталинов: «Бішкек тұрғындары заң бойынша қажет болған жағдайда милиция қызметкерлерінің арнайы заттар қолдануға, тіпті қару-жарақ пайдалануға құқылы екенін білуі тиіс»,-деп мәлімдеді.
Бішкекте екі наразылық шарасы жалғасуда, президент Бакиевты қолдаушылар мен оған қарсылар . Оппозия өкілдерінің акциясы үкімет үйіне қарама қарсы
Ала Тоо алаңында өтіп жатыр, ал президентті қолдауышлар парламент ғимараты маңайына жиналған. Екі топтың арасы шамамен 300 метр. Екі жақтан да қатты музыка естіледі. Митингіге мыңнан астам адам қатысуда, олардың басым бөлігі ішімдік ішкен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті