Сертификат тапсыру салтанаты сәрсенбі күні Қырғызстанның осы тау орналасқан оңтүстік астанасында өтті.
Р.Отынбаеваға құжатты ЮНЕСКО ұйымының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Сергей Лазарев тапсырды.
«Бұл Қырғызстанның біздің ұйымның мәдени мұра тізіміне енген бірінші нысаны», — дейді ол. Сулайман-Тоо тізімге «қасиетті» ретінде кіріп отыр.
«Бұл Қырғызстанға үлкен экономикалық талпыныс береді, мәдени диалог пен халықтардың жақындасуына ықпал етеді», — дейді С.Лазарев.