Қырғызстанның үкімет үйін басып алушылар ғимараттан ығыстырып шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның үкімет үйін басып алушылар ғимараттан ығыстырып шығарылды

Қырғызстанның үкімет үйін басып алушылар ғимараттан ығыстырып шығарылды

Қырғызстан мемлекет басшысы лауазымынан үміткер Урматбек Барыктабасовтың жақтастары үкімет үйі ғимаратынан ығыстырып шығарылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Бішкектен.

  • 17 Маусым 2005
  • 394
Фото - Caravan.kz

Көзден жас ағызатын газды пайдаланған милиция наразылық шарасына қатысушыларды Бішкектің орталық алаңынан айдап шықты. Ғимарат төңірегіндегі алаңды Қырғызстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоршап алды.

Қазір наразылық шарасына қатысушылар президент әкімшілігі мен Қырғызстан үкімет басшысы аппаратының өкілдерімен келіссөздер жүргізуде.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Үкімет үйіне шабуыл жасаған кезде Барыктабасовтың кейбір жақтастары жарақаттанған. Сонымен бірге милиция қызметкерлерінің арасында да жараланғандар бар. Оларға митингіге қатысушылар лақтырған тастар тиді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін Урматбек Барыктабасовты Қырғызстан мемлекет басшысы лауазымынан үміткер ретінде тіркеуді талап еткен 100-дей адам Үкімет үйіне басып кірген. Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясы Урматбек Барыктабасовтың Қазақстан азаматы екенін айғақтайтын дәлелдер келтіре отырып, президенттіктен үміткер ретінде тіркеуден бас тартқан болатын.

Перейти к новостям спорта