«Облыстың сүт өнімдерінің шамамен 70 пайызы Қазақстанға жөнелтіледі»,- деді Қ. Исаев. Оның сөздеріне сүйенсек, қазақстандық «Vita» компаниясы өнеркәсіптің осы саласындағы көшбасшы болып саналады. Ол Ыстықкөл облысында 20-30-дай сүт қабылдау бөлімшелерін ашқан. Губернатор, сондай-ақ Қазақстанға ет, картоп және басқа да көкөністердің жөнелтілетіндігін атап өтті.
Қ. Исаев атап өткендей, облыстық әкімшілікте қазақстандық инвесторлармен жақсы қатынас орнаған. Оның сөзіне сүйенсек, облыстың көптеген ірі компаниялары қазақстандық кәсіпкерлерге тиесілі.
«Мен, Ыстықкөл облысының губернаторы ретінде, кез-келген инвестицияны қолдаймын»,- деді Қ. Исаев. «Егер жұмыс орнын жасап, экологияны сақтап, салықтарды төлеп отырса мен үшін бұл ресейлік компания ма, қазақстандық немесе қытайлық компания ма, ешқандай айырмашылық жоқ, мен тек оларды қостаймын»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті