Қырғызстанның Жалалабад облысындағы жол құрылысына инвестиция салу мүмкіндіктері қарастырылуда
Қазақстандық кәсіпкерлер Қырғызстанның Базар-Қорған мен Тоқтағұл аудандарын байланыстыратын «Қызыл-Ункур-Сарагата» жолының құрылысы бойынша жоба әзірлеп, |
оны Жалалабад облысы өкіметінің қарауына ұсынып отыр. Бұл жобаны кәсіпкерлер «Транс Сервис- Юг» компаниясымен бірлесіп әзірледі, деп хабарлайды қырғызстандық бұқаралық ақпарат құралдары.
Жалалабад қалалық әкімшілігі құрылыс, көлік және коммуникациялар бөлімінің басшысы Бообек Сәлімжановтың хабарлауынша, егер бұл жоба мақұлданып, жол салынса, «Ош-Бішкек» тас жолы 90 шақырымға қысқарады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін