Қырғызстанның жаңа президенті: Сыртта жүрген 2 млн қырғызды қайтарамын, билікке туыстарымды араластырмаймын - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның жаңа президенті: Сыртта жүрген 2 млн қырғызды қайтарамын, билікке туыстарымды араластырмаймын

Қырғызстанның жаңа президенті: Сыртта жүрген 2 млн қырғызды қайтарамын, билікке туыстарымды араластырмаймын

Оған сайлаушылардың басым көпшілігі дауыс берген

  • 11 Қаңтар 2021
  • 51
Фото - Caravan.kz

Қырғызстанда кезектен тыс өткен президент сайлауында 78,9% дауыспен жеңіске жектен Садыр Жапаров мемлекетті қалай басқаратынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның сөзінше, өзіне дейінгі президенттер туыстары мен достарын билікке араластырып, антынан жаңылған.

ОСК дауыс санаудағы алдын ала ақпаратын жариялай салысымен халықтың алдына шыққан Жапаров бұрынғы басшылардың жіберген қателігін қайталамауға уәде берді. Жапаров тұңғыш президенттің 15 жыл билікте болғанын, алғашқы бес жылда жақсы жұмыс істегенмен, кейін айналасындағылардың ықпалында кеткенін атап өтті.

«Сондай-ақ, екінші президент 2-3 жыл ішінде жақсы нәтиже көрсетті, содан кейін оның туыстары да елді басқара бастады. Келесі президент өзінің жүргізушілері мен көмекшілеріне елді басқаруға рұқсат берген сәттер болды. Алайда, мен мұндай қателіктерге жол бермеймін, біз тарихтан сабақ алдық. Құдай қаласа, қанша жыл билікте боламын, сонша жыл өзім басқарамын. Менің достарым, жүргізушілерім, көмекшілерім мен туыстарым билік жүргізбейді », — деді ол.

Қырғызстанда мерзімінен бұрын ұйымдастырылған президент сайлауында 52 жастағы Жапаров тақтан дәмелі 16 қарсыласының барлығына еш мүмкіндік бермеді. Оның басты қарсыласы саналған Адахан Мадумаровтың өзі сайлаушылардың небәрі 6,5% дауысын жинаса, өзге үміткерлердің тең жартысына тұрғындар мүлдем дауыс бермеген. Президенттікке кандидат Садыр Жапаровты 1,1 млн астам адам қолдады. Оған Ыстықкөл облысының халқы ең көп дауыс (93,87%) берген. Халықтың алдына шыққан болашақ президент өзінің бәсекелестеріне алғысын білдіріп, саяси қудалауға жол бермейтінін айтты.

«Менің кандидатурамды қолдағандарыңыз  үшін рақмет. Мен сіздердің үміттеріңізді ақтау үшін барымды саламын. Мен билікке экономика, энергетика, саясат қиын жағдайда тұрған кезде келдім. 2-3 жылдан кейін біз экономикалық дағдарыстан шығамыз. Бізге саяси тұрақтылық қажет. Сыбайлас жемқорлық, экономикалық дағдарыс және кландық басқару 30 жыл ішінде дамыды. Біз бұрынғы үкіметтің қателіктерін қайталамаймыз. Біз саяси қудалауға жол бермейміз. Ескі бюрократия болмайды. Бұл үшін халықтың қолдауы қажет. Әр мемлекеттің байлығы – оның адамдары. Біз шетелде жүрген қырғыз азаматтарын қайтарамыз, олардың саны 2 миллионнан асады. Сыртқы қарызды өтейік. Менің ешкімге ренішім жоқ. Олардың барлығы тәжірибелі саясаткерлер және олардың тәжірибелері, идеялары мемлекет пайдасына қолданылады. Біз олармен келіссөздер жүргіземіз », — деді алдағы 5 жыл бойы Қырғызстанды басқаратын С.Жапаров.


Соңғы жаңалықтар