Бұл туралы КирТАГ Мемлекеттік шекара қызметінің қоғамдастықпен байланыс және БАҚ бөліміне сілтеме жасап хабарлады.
«Алдын ала деректер бойынша, 2015 жылғы 3 тамыздағы Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары арасындағы қақтығыс салдарынан Қырғызстанның бес азаматы түрлі дәрежедегі ден жарақатын алды, сондай-ақ ҚР азаматтарының 7 үйі, бір көлік зақымданды».
3 тамызда оқиға орнына жиналған шекаралық аудан тұрғындары тек 4 тамызда 3:00 шамасында тарады. 4 тамызда 9:00-де жағдай тұрақталды.
Еске салсақ, 3 тамызда Қырғызстанның Баткен облысы Баткен ауданы Кок-Таш ауылының тұрғындары мен Тәжікстан азаматтары арасында қақтығыс орын алды. Шамамен 120 тәжікстандық пен 80 қырғызстандық бір-біріне тас лақтырған.
Екі республиканың шекаралас аудандарының тұрғындары арасындағы жанжал Тәжікстан азаматтары Кок-Таш (ҚР) тұрғындары зиратқа көлікпен өтетін жолды жауып тастағаннан туындады. Жол тәжік отбасылары тұратын Май ауылы арқылы өтеді. Наразы болған қырғызстандықтар тәжіктің Чорку ауылына баратын су арнасын жауып тастады.