Қыркүйек айында 700 - 800 мың тонна астық тасымалдау күтіліп отыр - Қазақстан темір жолы - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыркүйек айында 700 - 800 мың тонна астық тасымалдау күтіліп отыр - Қазақстан темір жолы

Қыркүйек айында 700 - 800 мың тонна астық тасымалдау күтіліп отыр - Қазақстан темір жолы

Астана. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қыркүйек айында 700 - 800 мың тонна астық тасымалдау күтіліп отыр. Оның 500 мың тоннасы экспортқа, ал 180 мың тоннасы ішкі нарыққа арналған. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ компания президенті Асқар Мәминнің төрағалығымен өткен 2008 жылғы астық түсімін тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі жиналыс барысында мәлім болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан темір жолының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 21 Тамыз 2008
  • 429
Фото - Caravan.kz

«ҚТЖ ҰК АҚ инвентарлық паркінде астық тиелетін 5229 астық тасығыш болса, ел аумағынан тыс жерде 542 вагон бар», — деп көрсетілген хабарламада.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры Қанат Әлмағамбетовтың ақпаратына сүйенсек, 2007 жылдың қыркүйегі мен 2008 жылдың шілдесі аралығында 8,7 млн тонна астық немесе оның алдындағы астық кампаниясының сәйкес мерзімінің 103,6 пайызы тиелген. Одан Қазақстанға 2,6 млн тоннасы (98,7%) бағытталса, экспортқа 6,1 млн тонна (105,9%) шығарылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар