Қыркүйек айында ауа райы қандай болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыркүйек айында ауа райы қандай болады?

Қыркүйек айында ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2020 жылғы қыркүйек айының орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1°С жоғары болатынын болжады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Azattyq Rýhy -на сілтеме жасап.

  • 2 Қыркүйек 2020
  • 16
Фото - Caravan.kz

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде норма шамасында, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда – нормадан 1°С-қа төмен болады деп күтіледі.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде көпжылдық деректер бойынша үсік айдың бірінші жартысында, оңтүстік облыстарда — айдың соңында ғана байқалуы мүмкін.

Қыркүйек айында жауын-шашын мөлшері тамыз айымен салыстырғанда ауа температурасының жалпы төмендеуі кезінде ауаның ылғал құрамының төмендеуі есебінен азаяды. Жауын-шашын аз қарқынды, бірақ ұзаққа созылады.


Күздің басында Қазақстан аумағында жазғы ыстық ауа райы сақталады.

Соңғы жаңалықтар