Фестиваль еліміздің барлық облыстарында бір уақытта басталады деп күтілуде. Республикалық шараға балалар мен жасөспірімдердің спорт қоғамдары қатысады. Фестиваль аясында әртүрлі байқаулар мен спорттық бәсекелер өткізіледі.
Фестивальді өткізудегі мақсат — белсенді әрі салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Комитет қызметкерлерінің айтуынша, республика үкіметі алдағы уақытта да осындай бүкілхалықтық шаралар өткізуге қолдау жасамақ ниетте.