Салалық тұрғыдан алғанда, ең жоғарғы жалақы кен-өндіру және кеніштерді игері өнеркәсібінің еншісінде. Бұл сала қызметкерлері 188 мың 600 теңге айлық алады. Кәсіптік, ғылыми-техникалық қызмет саласы мамандарына 192 мың 900 теңге, қаржы және сақтандыру саласы қызметкерлеріне — 166 мың 400 теңге төленеді.
Ең төменгі еңбекақы ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында. Олардың қолына 61 мың 600 теңге тиеді. Бұл орташа республикалық деңгейден 38,3% кем.
Аймақтық тұрғыдан алып қарасақ, ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында (181 мың 500 теңге). Бұл орташа республикалық деңгейден 1,8 есе артық. Ал, Жамбыл облысында ең жоғарғы жалақы 70 мың 400 теңге.