Қыркүйек айында Ыстықкөлде "Еуразия шеңбері" атты жастардың халықаралық екінші ақпараттық форумы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыркүйек айында Ыстықкөлде "Еуразия шеңбері" атты жастардың халықаралық екінші ақпараттық форумы өтеді

Қыркүйек айында Ыстықкөлде "Еуразия шеңбері" атты жастардың халықаралық екінші ақпараттық форумы өтеді

Қыркүйектің 8 мен 13-і аралығында Ыстықкөлде "Еуразия шеңбері" атты жастардың халықаралық екінші ақпараттық форумы өтеді. Шығармашылық бағдарламаға 15-35 жас аралығындағы журналистер шақырылған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне шараның ұйымдастыру комитетінен хабарлады.

  • 28 Шiлде 2003
  • 452
Фото - Caravan.kz

Форумды ұйымдастырушылар арасында Қазақстандағы Жастардың МедиаОдағы, «Шығыс жобасы» қоғамдық қоры, ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Ресейдің ИТАР-ТАСС ақпараттық агенттігі, Қазақстан және Ресейдің журналистер одағы, Мәскеудің ЮНПРЕСС шығармашылық бірлестігі, Ресейдің Халықтар достығы Университеті, ҚР Ұлттық телерадиохабарларын таратушылар Қауымдастығы мен «Қазақпарат» Ұлттық ақпараттық компаниясы бар.

Бас қосуға Қазақстан, Ресей, Қығызстан, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Руанда және Перулік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады деп межеленген.
Бас қосудың жалпы отырыстарында «Біртұтас ақпараттық кеңістік- уақыт талабы» , «Жастардың Бұқаралық ақпарат құралдары : нақты ахуал және болашақ» , «Ақпараттық рыноктің жаҺандануы және журналистің даралығы «, «Қазіргі заманғы әдеби тіл : қазіргі ахуал және даму жолдары», «Жаңа ақпараттық технологиялар және жаңа БАҚ-тар» деген тақырыптар бойынша пікірталастар өткізіледі.
Форумда Олжас Сүйлейменов және Евгений Евтушенко сынды ақындар, «Қазақпарат» Ұлттық ақпараттық компаниясының бас директоры Ғаділбек Шалахметов, саяси және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, ЮНПРЕСС шығармашылық бірлестігінің президенті Сергей Цымбаленко, Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев , «Класс» телекомпаниясының директоры Людмила Зайцева, Ресейдің «Пока все дома» телебағдарламасының жүргізушілері Тимур Кизяков пен Андрей Бахметьевтер сөз сөйлеп, мастар-класстар өткізеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар