«Қыркүйек айында біз дүниежүзі мүсіншілерінің он үш күндік халықаралық тәжірибелік симпозиумын өткіземіз»,- деді қала әкімі. Елордасы әкімінің айтуынша, шараны «танымал Австриялық мүсінші Габриела фон Габсбург ұйымдастырады».
Шартараптан келген мүсіншілер он үш күн бойы Астананы зерттеп, оның қорытындысы бойынша Елордасында түрлі мүсіндерді орналастыру тұжырымдамасын таныстырады, деді қала басшысы.