Қыркүйек айында азық-түлік түріне жатпайтын тауар түрлері 1,8%-ке, соның ішінде жанармай 18,4%-ке қымбаттады. Азық-түлік өнімдері 0,2%-ке, ақылы қызмет 0,3%-ке қымбаттады.
2003-жылдың қыркүйек айында азық-түлік өнімдерінен нан бағасы 4,3%-ке, жұмыртқа 22%-ке, ет және ет өнімдері 1,1%-ке, сүт өнімдері, сұйық май мен мал майы 0,7%-ке қымбаттады.
«Жазғы дәстүрлі баға арзандауынан кейін төртінші тоқсанда азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауы байқалуда»,- деді облыстық статистикалық басқармасының баспасөз қызметіндегілер. Мәселен, 2002-жылы төртінші тоқсанда азық-түлік өнімдерінің бағасы 4,8%-ке, 2001-жылы 3,1%-ке, 2000-жылы 8,0%-ке қымбаттады.
2003-жылдың қыркүйек айында көлік қызметінің ақысы да артты, атап айтсақ, тұрғындар жүгін тасымалдау бағасы 14,4%-ке, таксимен тасымалдау бағасы 14,2%-ке, автокөлік айдауға машықтандыру сабағының төлемі 10%-ке қымбаттады.
Сондай-ақ, қыркүйек айында көмір мен ағаш отын бағасы 11%-ке қымбаттады.
Павлодарда 300 мың адам тұрады.