Жарияланды: 720

Қыркүйектен бастап жоғарғы санатты мұғалімдердің айлығы екі еселенеді

 

Ұстаздарға енді ең жоғарғы санат үшін қосымша ақы төленеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов хабарлады. Бүгін министр Елбасымен жүздескен. Кездесуде 2011-2020 жылғы білім саласын дамыту туралы бағдарламаның барысы талқыланған болатын.

Министр осы мақсатта, 1-ші қыркүйектен бастап мектеп мұғалімдерінің айлығы екі еселенетінін жеткізді. Бірақ ең жоғарғы санаттағы ұстаздарға ғана. Осы айдың басында ғана барлық мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға көтерілген болатын. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін