Қыркүйектен бері қанша мұғалімнен КВИ анықталды? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыркүйектен бері қанша мұғалімнен КВИ анықталды?

Қыркүйектен бері қанша мұғалімнен КВИ анықталды?

Орталық коммуникациялар қызметінде оқу жылының үшінші тоқсаны тақырыбында өткен онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова журналистердің сауалына жауап берді.

  • 12 Қаңтар 2021
  • 48
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

1 қыркүйектен бері қанша мұғалімнен коронавирус инфекциясы анықталды? – деп журналист онлайн брифингке қатысқан БҒМ өкілдеріне сауал жолдады.

Бұлсұрақты жүргізу ҚР Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне кірмейді. Сондықтан бұл статистика Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретінде, — деп қысқа қайырды Каринова.

Сондай-ақ, елімізде қанша мектеп карантинге жабылғандығы және елдегі эпиджағдай қиындаса, БҒМ-нің әрекеті қандай болатындығы туралы қойылған сауалға былай деп жауап берді.

Біріншіден Білім және ғылым министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірге оқу жылының басталғанынан бері тиісті жұмыстарды жүргізіп келеді. Шешім қабылдау сұрақтары бойынша Үкіметте және Үкімет жанындағы ВАК отырысына шығарылатын болады. Сондай-ақ, тиісті шешімдер қабылданып, жергілікті Бас санитарлық дәрігерлердің шешімімен қабылданады. Сондай-ақ, осы тәртіппен жұмысты жалғастыратын боламыз, — деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар