Қыркүйектің аяғына дейін "Эйр Астана" әуе компаниясының басшылығы өзгереді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыркүйектің аяғына дейін "Эйр Астана" әуе компаниясының басшылығы өзгереді

Қыркүйектің аяғына дейін "Эйр Астана" әуе компаниясының басшылығы өзгереді

Қыркүйектің аяғына дейін "Эйр Астана" ЖАҚ әуе компаниясының басшылығы өзгереді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі әуе компаниясындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 8 Қыркүйек 2005
  • 347
Фото - Caravan.kz



Ақпарат көзінің хабарлауынша, әуе компаниясының президенті Ллойд Пакстон жоспарлы маман алмастыру шарасының аясында қызметінен кетпек. Л.Пакстон бұл компанияны 2002-жылдан бері басқарып келеді.
Ақпарат көзінің мәліметіне сәйкес, «Эйр Астана» әуе компаниясының президенті орынтағына Royal Brunei Airlines (RBA) компаниясының басшысы Пенгиран Дато Абдул Хамид (толық есемі Пенгиран Дато Подука Хаджи Абдул Хамид бин Пенджиран Хаджи Мохд Яясин) жайғасады. Ол Бруней үкімет басшысының тұрақты хатшысы қызметін де қоса атқаратын көрінеді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Эйр Астана» әуе компаниясы 51 процент акциясы ҚР үкіметінің, 49 проценті BAE Systems Ltd компаниясының иелігіндегі бірлескен кәсіпорын болып табылады.
Әуе компаниясының көлік қоры 11 ұшақтан тұрады. Қазіргі жағдаймен, компанияның көлік қорында бір «Бойнг 737-800», екі «Бойнг-737-700», үш «Бойнг-757-200» және бес «Фоккер-50» ұшағы бар.
2005-жылдың аяғына дейін әуе компаниясы 6 млн. доллардың пайдасын таппақшы. 2004-жылы салық төленгеннен кейінгі әуе компаниясы тапқан пайда көлемі 11,7 млн. долларды, 2003-жылы 1,7 млн. долларды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта