Қыркүйектің аяғына межеленген Оңтүстік Корея үкімет басшысының Қазақстанға сапары аясында бизнес-форум өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыркүйектің аяғына межеленген Оңтүстік Корея үкімет басшысының Қазақстанға сапары аясында бизнес-форум өтеді

Қыркүйектің аяғына межеленген Оңтүстік Корея үкімет басшысының Қазақстанға сапары аясында бизнес-форум өтеді

АСТАНА. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қыркүйектің аяғына межеленген Оңтүстік Корея үкімет басшысы Хан Мен Суктың Қазақстанға сапары аясында бизнес-форум өтеді, онда Оңтүстік Кореяның телекоммуникациялық технологиялар саласындағы жаңаша мүмкіндіктерінің тұсаукесері жасалады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 11 Қыркүйек 2006
  • 321
Фото - Caravan.kz

«Корея үкімет басшысының сапары барысында еліміздің саяси басшылығымен кездесулер өткізіледі»,- деді Е.Ашықбаев.

«Сапар Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы белсенді саяси диалогты одан әрі жалғастыруға бағытталады. Оның негізі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Корея республикасына 2003-жылы, Корея Республикасының президенті Но Му Хеннің Қазақстанға 2004-жылы жасаған сапарлары кезінде қаланды»,- деді СІМ өкілі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 21-24-қыркүйекте республика үкімет басшысы Даниал Ахметовтың шақыруымен Корея үкімет басшысы Хан Мен Сук елімізге ресми сапармен келеді.

«Бұл Корея үкімет басшысы деңгейінде Қазақстанға жасалатын тұңғыш сапар»,- деді Е.Ашықбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта