"Қырық мың қазақ": Айнұр Тұрсынбаеваның ұлының тойына қазақтар Түркияға ағылған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қырық мың қазақ": Айнұр Тұрсынбаеваның ұлының тойына қазақтар Түркияға ағылған

"Қырық мың қазақ": Айнұр Тұрсынбаеваның ұлының тойына қазақтар Түркияға ағылған

Түркияның төрінде дүркіреген тойда бой көрсеткен қазақтың саны көп болған. 

  • 13 Қыркүйек 2022
  • 5015
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Әнші Қарақат Әбілдина тойдан алған әсерін ерекше жеткізді. Тік тұрып тойда қызмет жасадық, деп ағынан жарылды әнші. 

"Қырық мың қазақ ұйықтамай, таңға дейін той күзеткен түн болды. Біз де бұл тойға арнайы қонақ не айрықша шақыртумен емес, аяғымыздан тік тұрып қызмет етуге келдік. Еттік те деп ойлаймын, себебі Айнұрдың қуанышын “өзімдікі” деп иелендік, шын жүректен.

Көз алдымызда өскен кешегі бала — бүгін бір шаңырақтың тұтқасын ұстап, үлкен өмірге қадам басып жатыр — бұл бізге де үлкен бақыт, қуаныш

Айнұржан, келінің күліп-ақ тұратын, көңілі әппақ қыз екен. Өзің де қызыңдай көріп, арнау әніңді айтып, бауырыңа басып жатырсың, бағы жансын
балалардың. Келесі жылдар шілдехана, бесік тойларды біріге берейік. Бүгінгідей дүбірлі той біздің шаңыраққа жұғысты болсын енді.

Тойды қарап отырған Жақсы Адамдарым ұлды ұя, қызды қияға қондырған берекелі, аламан той нәсіп болсын!, деп жазды.