Жарияланды: 500

Қыс қарашаның ортасында қаһарына мінеді - Қазгидромет

Алдын ала болжам бойынша, ағымдағы жылдың қараша айында Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында температуралық және жауын-шашын көлемі орташа көпжылдық көрсеткішке жақын,

ал қалған аумақта әдеттегіден жылырақ, жауын-шашын аздау болады. Бұл туралы Қазгидрометтің баспасөз қызметінен хабарлайды. Қарашаның басында табиғат жылуымен және күннің көзімен еркелетеді. Алайда, бірінші онкүндіктің ортасында арктикалық ауа массаларының ағынымен ағаштар қысқы киімге оранады. Одан кейін оңтүстік циклонның шығуы аздаған жылылық таратады, бұл ретте Қазақстанның көптеген облыстарында қар жауады, елдің солтүстігі мен шығысында жел екпінімен бірге бұрқасындардың болуы жоққа шығарылмайды. Айдың ортасында айтарлықтай суық күтілуде, бұл кезде қыс өзінің күшіне еніп келе жатқандығынан хабардар етеді. Республиканың солтүстік, шығыс және орталығының жекеленген учаскелеріндегі жолдарда көктайғақтың пайда болуы ықтимал, таңертеңгі және түнгі сағаттарда тұман түседі, сондықтан синоптиктер жолда мұқият болуды ескертеді. Қарашаның соңғы онкүндігінде барикалық пайда болулардың жиі ауысуы да күтіледі, бұл температураның ауытқуларына соқтырады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін