Қыс суық болып, қар аз түсуі ықтимал - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыс суық болып, қар аз түсуі ықтимал

Қыс суық болып, қар аз түсуі ықтимал

Синоптиктер болжамы бойынша елордада қыс айтарлықтай суық болып, қар аз түседі.

  • 19 Қараша 2012
  • 465
Фото - Caravan.kz

Ауа температурасы қаңтар айында көп жылғы орташа қалыптан төмен болып, желтоқсан мен ақпан айларында ғана мөлшерге жақындайды, — деп хабарлайды елорданың ресми сайты «Қазгидромет» РМК -ға сілтеме жасап.

Қыстың басы Астана мен Ақмола облысында қарлы және суық болады деп күтілуде. Қаңтарда керісінше, қар аз түсіп, аяз күшіне мінеді. Бұл айдың басым күндеріндегі ауа райы Моңғол антициклоны әсерінің сақталатындығына байланысты болмақ. Қаңтарда ауа температурасы түнде -35 -38 градусқа дейін төмендейді.

Ақпан айында циклонның кейбір әсерлері сақталуына байланысты қар қалың жауып, боран соғуы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар