Қысқа мерзімді экономикалық индикатор өсімі 6,7 пайызды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор өсімі 6,7 пайызды құрады

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор өсімі 6,7 пайызды құрады

2011 жылдың бес айында еліміздің қысқа мерзімді индикатор өсімі 6,7 пайызды құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 13 Маусым 2011
  • 497
Фото - Caravan.kz

«Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2011 жылғы қаңтар-мамырда 2010 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 106,7 пайызды құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68 пайызын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді», — делінген агенттіктің таратқан баспасөз айғағында.

Бұл ретте 2011 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 6363,1 млрд. теңгені құраған. Бұл 2010 жылғы қаңтар-мамырмен қарағанда 5,8 пайызға артық. Сонымен қатар, кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда — 4 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде — 8,7 пайызға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда — 6,7 пайызға, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда — 2,5 пайызға өндіріс өсімі байқалыпты.

Бұдан бөлек, 2011 жылғы қаңтар-мамырда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 328,6 млрд. теңгені құрап, бұл 2010 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 1,6 пайызға артқан. Ал есепті кезеңдегі жүк айналымының көлемі 159 млрд. тшм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2010 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 14,1 пайызға өскен.

Соңғы жаңалықтар