Қысқа және ұзақ мерзімді перспективада болашақтың бедерін жаҺандану мен аймақтық қауіпсіздік проблемалары айқындайды - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қысқа және ұзақ мерзімді перспективада болашақтың бедерін  жаҺандану мен аймақтық қауіпсіздік проблемалары айқындайды - ҚР президенті

Қысқа және ұзақ мерзімді перспективада болашақтың бедерін жаҺандану мен аймақтық қауіпсіздік проблемалары айқындайды - ҚР президенті

Қысқа және ұзақ мерзімді перспективада болашақтың бедерін айқындайтын екі фактор бар, ол - жаҺандану мен аймақтық қауіпсіздік проблемалары болмақ. Бұл туралы бүгін, 18-маусымда Астанада "Еуразиялық интеграция: қазіргі даму ағымдары мен жаҺандану қауіптері" тақырыбына арналған халықаралық конференцияда сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Маусым 2004
  • 1731
Фото - Caravan.kz

«ЖаҺандану — әлемдік дамуды айқындайтын басым тенденцияға айналды»,- деді президент. «Болашақта әлемдік экономика негізінен Еуразияның есебінен қарыштап дамиды деген болжам айтылуда». «Сонымен бір уақытта тұрақсыздық, даму деңгейіндегі әркелкілік пен күрделі ғаламдасу құбылыстары өрши түспек»,- деді ол. «ЖаҺандану жағдайында жоғары деңгейде дамыған елдердің артықша ұтысқа кенелетіні түсінікті жайт. Басқа мемлекеттер, соның ішінде Достастық елдері үшін шикізат ресурстарының қайнар көзі әрі техникалық деңгейі төмен өнімдерді өткізетін рынок ретінде әлемдік дамудың артқы шебінде қалып қою қаупі бар»,- деді президент. Осындай жағдайға жол бермеу, қарқынды әрі толыққанды даму үшін «алдағы уақытта бізге интеграциялану қарқынын арттырып, ғылыми, техникалық және адами әлеуетті біріктіру, әлемдік экономикаға күш біріктіре кірігу қажет»,- деді ҚР мемлекет басшысы.

Сонымен бірге Н.Назарбаевтың айтуынша, «қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі Достастық елдері алдында әлі де біраз уақыт кесе көлденең тұрмақ». Осыған байланысты «қазіргі кезеңде сыртқы қауіп-қатерлерге ұжымдасып қарсы тұру мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр». «Қазіргі ахуал біздің елдерді өзара ықпалдастықтың жаңаша формаларын, ықпалды тетіктерін қарастыруға итермелеп отыр»,- деді Елбасы. «Қауіп-қатерге қарсы тұрудың ең тиімді жолы — өзіміздей ниеттес мемлекеттер мен халықтарымыз арасындағы интеграциялық ынтымақтастық аясын кеңейте тереңдету дегенге өз басым кәміл сенемін»,- деді Н.Назарбаев.