Қысқы аң аулау маусымы басталғаннан бері Солтүстік Қазақстан облысында 6 елік заңсыз атылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қысқы аң аулау маусымы басталғаннан бері Солтүстік Қазақстан облысында 6 елік заңсыз атылды

Қысқы аң аулау маусымы басталғаннан бері Солтүстік Қазақстан облысында 6 елік заңсыз атылды

Қысқы аң аулау маусымы басталғаннан бері Солтүстік Қазақстан облысында 6 елік заңсыз атылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық орман және аң шаруашылығы жөніндегі аумақтық басқармасының бастығы Владимир Балахонцев хабарлады.

  • 2 Желтоқсан 2003
  • 741
Фото - Caravan.kz

Орман және аң шаруашылығы жөніндегі аумақтық басқармасының қызметкерлері тарапынан облыстың Жамбыл ауданында өткізген рейд нәтижесінде 7 адамнан тұратын браконьерлік топ ұсталып, олар мініп жүрген көліктің жүксалғышынан атып алынған еліктің өлексесі табылды. Тұтқындардың ешқайсысында да аңды атып алуға рұқсат құжаты болған жоқ. Хайуанаттар дүниесіне зиян келтіргені үшін табиғат қайкөйлері 87200 теңге көлемінде айыппұл төледі.

В.Балахонцевтың айтуынша, желтоқсан айының соңында облыста еліктерге санақ жүргізіледі. Егер бұл шараның қорытындысы ойдағыдай болмай шықса, алдағы жылы Солтүстік Қазақстан облысында елік аулауға біржола тыйым салынуы мүмкін.
Соңғы үш айда облыс аумағында хайуанаттар дүниесін қорғау саласындағы заңдарды бұзуға қатысты 59 іс тіркелді. Аталмыш деректер бойынша 527 мың теңге талап етілгенімен, оның 53 мың теңгесі ғана өндіріп алынды.

Соңғы жаңалықтар