Қысқы Азия ойындары кезінде барлық қалалық қызмет қатаңдатылған жүйеде жұмыс істейді-Алматы әкімі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қысқы Азия ойындары кезінде барлық қалалық қызмет қатаңдатылған жүйеде жұмыс істейді-Алматы әкімі

Қысқы Азия ойындары кезінде барлық қалалық қызмет қатаңдатылған жүйеде жұмыс істейді-Алматы әкімі

VII Қысқы Азия ойындары кезінде барлық қалалық қызмет қатаңдатылған жүйеге көшіріледі. Бұл туралы бүгін Алматыда Азиядаға дайындық шарасына арналған кеңес барысында қала әкімі Ахметжан Есімов айтты.

  • 9 Қараша 2010
  • 631
Фото - Caravan.kz

Ойындардың өткізілуіне 80 күн қалғаны айтылып, ойындарды өткізуге қаланың дайындығы пысықталды. Қалалық құрылымдар басшыларының Азия ойындарына дайындығы туралы баяндамасы тыңдалды. Құзырлы органдардың басшыларының айтуынша қаладағы спорттық шаралар өтетін барлық нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары іс жүзінде аяқталды деуге болады. Соңғы нысандардың бірі «Медеу-Шымбұлақ» коммерциялық гондольдық жолы пайдалануға беріледі. Желтоқсанның ортасында «Шымбұлақ» демалыс кешені ашылады.

А.Есімов ойындардың дайындығы мен өткізуді жеке бақылауына алғандығын атап өтті. Сондай-ақ ол Талғар ауданында орналасқан «Табаған» ойын-сауық кешеніне назар аударды. Өйткені кешенде осы айда тесттік жарыстар өтеді. Естеріңізге сала кетейік, алғашқы тесттік сайыстар халықаралық шаңғы кешенінде өткен болатын. Онда 12 елдің спортшылары шаңғы тұғырынан секіруден сайысқа түскен еді. Бүгінде бұл нысан әлемдегі ең үздік спорттық кешендердің қатарына жатқызылып отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера