Қысқы Азия ойындарында Қазақстан үздік үштікке кіруді жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қысқы Азия ойындарында Қазақстан үздік үштікке кіруді жоспарлап отыр

Қысқы Азия ойындарында Қазақстан үздік үштікке кіруді жоспарлап отыр

Жазғы және қысқы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын ұлттық құрама мүшелерінің 70-80 пайызын «Динамо» спорт қоғамының мүшелері құрайды. Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының 85 жылдық мерейтойына арналған баспасөз мәслихатында айтылды.

  • 13 Қазан 2010
  • 608
Фото - Caravan.kz


«Жазғы және қысқы Азия ойындарында қазақстандық спортшылардың қанша медаль алатынын дөп басып айту өте қиын. Онда Қытай, Корея, Жапония құрамалары басты қарсылас болады. Бұған дейінгі қысқы және жазғы Азия ойындарының қорытындысына қарағанда Қазақстан командасы жыл сайын әрбір 4 жылдық кезеңде өз әлеуетін арттырып келе жатыр. Қазір Үкімет бізге үздік үштікке кіру міндетін жүктеп отыр», дейді «Динамо» спорт қоғамы Орталық кеңесі спорт басқармасының бастығы Николай Князев. Н.Дмитриевичтің айтуынша, ұлттық құрама мүшелері 4 жылда 16 алтын медаль жеңіп алды. Ел қоржынына түскен медальдар қысқы Азия ойындарында жазғы Азия ойындарынан 3 есе көп болды. 2011 жылы Қазақстанда болатын VII Қысқы Азия ойындарында жарыс қожайындары шаңғы жарысы, биатлон, фристаил, шаңғымен тұғырдан секіру сияқты спорт түрлері бойынша жүлделі орындарға таласпақ.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера