Қысқы Азия ойындарының бірінші күнінің нәтижесі: Қазақстан құрамасы 1-орында - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қысқы Азия ойындарының бірінші күнінің нәтижесі: Қазақстан құрамасы 1-орында

Қысқы Азия ойындарының бірінші күнінің нәтижесі: Қазақстан құрамасы 1-орында

7-қысқы Азия ойындарының алғашқы күнінің нәтижесі бойынша, Қазақстанның ұлттық құрамасы бейресми жалпы командалық есепте көш бастап келеді.

  • 1 Ақпан 2011
  • 674
Фото - Caravan.kz

Қазақстан қоржынында барлығы 19 медаль бар, оның 6 -уы алтын, 7 — күміс және 6 — қола.

Қазақстаннан кейінгі екінші орында жапондық спортшылар келеді. Олардың есебінде барлығы 9 медаль (3 алтын, 3 күміс, 3 қола) бар.

Үшінші орында сегіз медальмен — Корея (4 алтын, 3 күміс, 1 қола), төртінші орында бес медальмен Қытай (1 алтын, 1 күміс, 3 қола) келеді. Алғашқы бестікті бір қола медальды қанжығаларына байлаған Моңғолия спортшылары түйіндеп отыр.

31 қаңтар күні Қысқы Азия ойындары аясында Алматыда жарыстар спорттың 7 түрінен өтті. Атап айтқанда, "Шымбұлақ" тау шаңғысы базасында ерлер мен әйелдердің жоғарыдан құлдилау жарыстары; "Табаған" спорттық-сауықтыру кешенінде фристайлдан іріктеу сыны, могулдан әйелдер және могулдан ерлер арасындағы сайыстар; Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде 125 (К-125) метр биіктіктен секіруден жеке жарыстар; Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында хоккейден Қытай-Корея және Қазақстан-Жапония әйелдер құрамаларының ойындары; Солдат шатқалындағы Шаңғы-биатлон стадионында 1,2 шақырымдық спринттен — әйелдер, ал 1,6 шақырымдық спринттен ерлер арасындағы жарыстар, сондай-ақ әйелдер арасындағы 7,5 шақырымдық спринт сайысы, шаңғымен бағдарлаудан ерлердің және әйелдердің спринт жарыстары өтті.

Ал Астанада спортшылар спорттың үш түрі бойынша сынға түсті. Мәселен, «Алау» спорт сарайында конькимен жүгіру спортынан әйелдер 3000 метрге, ерлер 5000 метрге, Республикалық велотректе шорт-тректен әйелдер 1500 метрге, ерлер 1500 метрге жарысты. Сондай-ақ хоккейден ерлер командалары арасында кездесулер өтті. Алаңда Тайпей-Корея, Қытай-Жапония, БАӘ-Бахрейн, Моңғолия-Қырғызстан, Тайланд-Кувейт командалары кездесті.


Айта кетейік, 7-қысқы Азия ойындарында 27 мемлекеттің ұлттық құрамалары бақ сынауда. Ойындар спорттың 11 түрінен өтуде. Оның 7-уі — Алматыда, 4- Астанада өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера