Қысқы Олимпиада Бейжіңде өтетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қысқы Олимпиада Бейжіңде өтетін болды

Қысқы Олимпиада Бейжіңде өтетін болды

Алматы Бейжіңге жол берді. Осыдан бірнеше сағат бұрын Куала-Лампурде 2022 жылы қысқы Олимпиада ойындарының қай қалада өтетіні анықталып, жеңісті Қытай астанасы жұлып әкетті. Олар 4 дауыс артық жинаған. Сөйтіп, 7 жылдан соң өтетін ақ ойындар Алатау байрайында емес, Бейжіңде өтетін болды.

  • 1 Тамыз 2015
  • 659
Фото - Caravan.kz

Дәл осындай қошаметпен қазақ делегациясы Куала-Лампурге Халықаралық олимпиада комитетінің 128 сессиясына келді. Премьер Кәрім Мәсімов бастаған шенділер мен өңшең даңқты спортшылар. Регламентке сай қос үміткер қала өкілдері 45 минуттан таныстуларын өткізді.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

-Құрметті, Халықаралық олимпиада мүшелері және қонақтары. 2022-ші жылғы Қысқы ойындарды Қазақстанда өткізу бұл Орталық Азияда көлеміндегі жетістік, әрі мәртебе болмақ. Біздің ел оған толықтай дайын. Сіздер де сенім білдіреді деген ниеттеміз.

Олимпиаданы Алматыда өткізудің артықшылықтарын Ахметжан Есімов те тізіп берді. Азиада кезінде ағылшынша сөйлеймін деп күлкіге қалған әкім бұл жолы таңқалдырды. Қағазға қарамай, баяндамасын жаттап алыпты.

Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

-We need the Games to give our people a better future. We want to give them the chance to archive something spectacularly, something wonderful. And give them the opportunity to do it together.

Жалғыз қарсылас – Қытай да қалысқан жоқ. Олимпиада өткізуден тәжірбиесі бар елдің тек экологиясының нашарлығы үлкен сын еді. Сөйтіп тараптарды тыңдап болған Олимпиада комитеті жасырын дауыс беруге кетті.

Ал бұл Халықаралық олимпиада комитетінің шешімін Алматыда тағатсыздана күткен жұрт. Республика сарайының алдында Куала-Лампурдан тікелей көрсетілім әзірленген. 

— Сонымен, Малайзиядан келер басты жаңалықты күтіп Алматы алаңына мыңдаған адам жиналыпты. Әрі барлығы да жеңістік Қазақстан еншісіне берілеріне сенімді!

Көптен күткен сәтте келіп жетті. Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах жеңімпаз қаланың атын жариялады. 

— Beijing!!!

Қытайлар қуанса, қазақ делегациясын көңілі түскен. Жалғыз олардың ғана емес.

Әлішер Бұрханов, Алматы қаласының тұрғыны:

— Олимпиаданың бізде өтпейтіні әрине өкінішті. Алматыда өтеді деп сеніп, қолдадық. Бірақ бізде өтпесе де біздің спортшылар сол жақтан чемпион болып оралады деген үміттеміз!!!

Жалпы 2022 жылғы 24-ші қысқы олимпиада ойындарын өткізуге бастапқыда 19 ел үміт білдірген. Бірақ іріктеуге дейін оның 13-і өтініштерін кері қайтарып алды. Сөйтіп, 2 қала — Бейжің мен Алматы ғана қалған. Айта кетерлігі, аспан асты елі осымен екінші мәрте Халықаралық деңгейдегі ойынды ұйымдарума мүмкіндік алып отыр. 

Соңғы жаңалықтар