ХОК сайтында берілген хабарламаға қарағанда, ойын өткізу құқын жеңіп алуға Қазақстан (Алматы), Швеция (Стокгольм), Норвегия (Осло), Қытай (Пекин), Польша (Краков) және Украина (Львов) қатыспақ.
ХОК атқарушы комитеті үміткер-қалаларды 2014 жылы шілде айында іріктейді, қысқы Олимпиада-2022 қай жерде өткізілетіндігі Куала-Лумпурда (Малайзия) 31 шілде күні ХОК сессиясында жария етілмек.