Жарияланды: 530

Қысқы Универсиаданың логотипі, бойтұмары мен ұранын әзірлеуге конкурс қайта жарияланды

Алматыда 2017 жылы өтетін 28-ші қысқы Универсиада ұйымдастыру комитетінің атқару дирекциясы универсиаданың логотипі, бойтұмары мен ұранын әзірлеуге қайта конкурс өтетінін жариялады.

«Конкурстық комиссия былтырғы жылы 15 қазан мен 12 қарашада өткен конкурсты өтпеді деп таныды. Осыған байланысты 16 қаңтар мен 4 ақпан аралығында 2017 жылғы Универсиаданың логотипі, бойтұмары мен ұранын әзірлеу бойынша қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылданды», - деп Универсиаданы ұйымдастыру комитеті атқару дирекциясының басшысы Дербісәлі Жетпісбаев бүгін баспасөз мәслихатында атап көрсетті. Универсиада логотипі, бойтұмары мен ұраны іс-шараның мазмұнын, Қазақстанның ұлттық айшықтығын, Алматы қаласының рухын бейнелеуі тиіс. Д.Жетпісбаевтың айтуынша, алдыңғы конкурстың өтпеді деп танылуы ұсынылған 70 жұмыста Халықаралық студенттік спорт федерациясының аздаған талаптары сақталмаған. 35 қатысушының бірде-бірі өз жұмысының анықтамасы әзірлемеген, кейбіреуі түсіне қатысты және өзге де талаптарды сақтамаған. Ол жаңа конкурсқа Қазақстан дизайнерлер одағы, Қазақстан сәулетшілер одағы, Қазақстан қала салушылар одағы секілді шығармашылық ұжымдар қатысады. Конкурстың жалпы жүлде қоры 1 млн теңгеден 3 млн теңгеге арттырылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін