Ол той үстінде жабысып, суретке түсетіндер көбейгенін ашып айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Балам жазда менімен , өмірінде бірінші рет тойға еріп барып, маған бөтен еркектер фотоға түсемін деп сылтауратып жабысқанын көріп шок болған, “Мама, тойға бармаңыз“ — деген… Рас, біреу болмаса біреуі мені қысып-құшақтауға дайын тұрады. Неге солай?!(видеоны түсірген мен емес)", — деп жазды ол.
Оқырмандардың аталған жайтқа қатысты пікірі қақ жарылған. Олардың бірі әншіні жақтап шықса, енді бірі өнер адамдарының қарапайы болу керектігін, суретке түсуден бас тартпауға қажеттігін жарыса жазуда.
"Сол халықтың арқасында әншi болып жүрсіңдер ғой. Сондай болу керек. Неге фотодан қашасыңдар? Өмірі жабысып қалмайды ғой. Адамның қолын қағу деген менсінбегендік деп ойлаймын. Өз ойым енді, айыпқа бұйырмаңыздар", "Фотоға түскісі келген ғой жай құшактап тұрған жоқ қой енді сәл шыдасаңыз кетер еді ғой амал жоқ қой халыктың адамы болған соң бәрі құшақтағысы келіп тұрады" деп жазды олар.