“Қысыр сиырдың сандырағы”: Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Дума депутаты туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қысыр сиырдың сандырағы”: Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Дума депутаты туралы

“Қысыр сиырдың сандырағы”: Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Дума депутаты туралы

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Дума депутаты Евгений Федоровтың даулы мәлімдемелерін “қысыр сиырдың сандырағы” деп атады.

  • 23 Желтоқсан 2020
  • 204
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы malim.kz-ке сілтеме жасап хабарлады. 

Мәжіліс отырысына қатысқан сыртқы істер министріне депутат Омархан Өксікбаев сұрақ қойды. “Ресейдегі әріптестер егемендігімізге, шекарамызға, жерімізге көз салатын сөздер айтты. Сыртқы істер министрлігі нотасын да жіберді. Сол нотаға жауап келді ме? Федор дегеннің ұрпағы еліміздің егемендігіне қауіп төндіретін сөздер айтты. Соған сыртқы істер министрілігі қандай қадам жасамақшы?” деген сұраққа Мұхтар Тілеуберді былай деді:

– Никонов мырзаның сөзінен кейін Ресей елшілігінің уақытша өкілін шақырған болатынбыз. Өйткені ол уақытта елшілері Мәскеуге іссапарға кеткен болатын. Сондықтан менің орынбасарым қабылдаған болатын. Сол кезде біз сыртқы істер министрлігінің ресми ұстанымын нотамен берген болатынбыз. Енді тәжірибеге сәйкес, нотаға ресми түрде жауап бермейді. Бірақ қабылданған іс-шаралар туралы хабарлаған болатын. Олар парламентке, президент әкімшілігіне хабарласып, мұндай сөздерді жариялауға болмайды деп сын айтты.

Ал мына Федоровтың сөздерінде, кеше де тағы қайталап жатыр… Расында да, ең бірінші өзім қазақ ретінде,
Қазақстан азаматы ретінде мұндай сөздерге намысым келеді.
Ал енді жоғары білім алғаннан кейін, Отан тарихын білгеннен кейін мұндай сөздерге орыстың “бред сивой кобылы” деген сөздерімен жауап айтар едім. Мұндай мәселе көтерілгенде, ең біріншіден, тарихшыларға, ғалымдарға сүйену керек. Ал сыртқы істер министрі ретінде айтарым, бұл Ресейдің ресми ұстанымына сәйкес келмейді. Өздеріңіз білесіздер, біздің шекарамыз заң түрінде, құқық ретінде делимитациядан өткен. Екіжақты келісімге қол қойылған. Қазіргі таңда шекараны демаркациядан өткізудеміз. Бірақ пандемияға байланысты бұл процесс сәл тоқтап қалды. Келесі үш жылда демаркацияны бітіреміз. Оның үстіне екі мемлекеттің арасында стратегиялық әріптестік қалыптасып кеткен. Ол барлық құжаттарда белгіленген. Сондықтан біз Ресеймен халықаралық құқық деңгейінде қарым-қатынасымызды дамыта береміз”.