Қытай ғалымдары алтыншы буынды байланыс стандартын дамытуға кірісті. Бұл туралы 13-ші шақыртылған Бүкілқытайлық жиынның бірінші сессиясында индустрия және ақпарат министрі Мяо Вэй айтты, деп хабарлайды Today.kz TACC-қа сілтеме жасай отырып.
"Өткен жылдың аяғында қытайлық ғалымдар 6G байланысының жаңа стандарттарын әзірлеуді бастады. "Интернет заттарын" дамыту ұялы байланыс технологиясының мүмкіндіктерімен бірдей дамуы керек", – деді ол.
Министрдің айтуынша, ұялы байланыс сапасының артуы адамдар арасындағы қарым-қатынасты ғана емес, адам мен машина арасындағы ара қатынасты да жақсартады.
"Бұл – адамзаттың болашағы. Ұялы байланыс саласында белсенді жұмыс жасаудың бір себебі – оған адамдардың сұраныстары", – деді министр.
Оқи отырыңыз: