Жарияланды: 980

Қытай 9 айдың ішінде әлемдегі ең биік ғимарат салуды жоспарлап отыр

Қытай 9 айдың ішінде әлемдегі ең биік ғимарат салуды жоспарлап отыр

Хунань провинциясының Чанша қаласында 2013 жылы әлемдегі ең биік ғимарат салынуы жоспарлануда.

Көкпен таласқан «Аспан қаласы» ғимаратының биіктігі 838 метрді құрайтын болады (220 қабат). Ол әлемдегі ең биік 828 метрлік «Бурдж Дубай» ғимаратынан да биік болып, рекордты жаңартпақ. «Аспан қаласы» ғимаратының аумағы 1,2 млн. шаршы метрді құрайды. Ғимараттың ішінде балабақшалар, мектептер мен медициналық емханалар, фитнес-орталықтар, мейрамханалар, дүкендер мен кеңселер орналастырылатын болады. 16-шы қабаттан 180-ші қабатқа дейін 4 мыңнан астам отбасы тұрмақ. Жалпы алғанда ғимаратта 30 мыңнан астам адам жұмыс істеп әрі тұратын болады. Айта кетейік, қазіргі уақытта Қытайда 200 метрден асатын 239 көпқабатты ғимарат салынуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін