Көкпен таласқан «Аспан қаласы» ғимаратының биіктігі 838 метрді құрайтын болады (220 қабат). Ол әлемдегі ең биік 828 метрлік «Бурдж Дубай» ғимаратынан да биік болып, рекордты жаңартпақ.
«Аспан қаласы» ғимаратының аумағы 1,2 млн. шаршы метрді құрайды. Ғимараттың ішінде балабақшалар, мектептер мен медициналық емханалар, фитнес-орталықтар, мейрамханалар, дүкендер мен кеңселер орналастырылатын болады. 16-шы қабаттан 180-ші қабатқа дейін 4 мыңнан астам отбасы тұрмақ. Жалпы алғанда ғимаратта 30 мыңнан астам адам жұмыс істеп әрі тұратын болады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қытайда 200 метрден асатын 239 көпқабатты ғимарат салынуда.