Қытай Африкаға адам етін сатты деген ақпарат тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.05
  • 534.57
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай Африкаға адам етін сатты деген ақпарат тарады

Қытай Африкаға адам етін сатты деген ақпарат тарады

Қытай мен Замбия арасында халықаралық жанжал шықты. Бұған себеп – аспан асты елі қара құрлықтағы аталған мемлекетке адам етін тасиды екен деген атышулы ақпарат.

  • 3 Шiлде 2017
  • 3762
Фото - Caravan.kz

Сонымен, не болып еді? Бірден айтайық, бұған әлеуметтік желі арқылы тез тарап кеткен өтірік сурет пен ақпарат себеп. Онда Замбияға Қытайдан адам еті жеткізілетіні туралы айтылған, деп хабарлайды Caravan.kz Figase.su ақпаратына сүйеніп.

Бұл мәлімет аспан асты елі өкілдерінің ашу-ызасын тудырған. Қытайдың Замбиядағы елшісі Янг Юминг бұл мәліметті бірден теріске шығарды.

«Жергілікті газет Қытай Африкаға тұздалған ет деп адам етін сатады-мыс деген ақпаратты ашық таратып отыр. Бұл – барып тұрған жала. Мұндай қауесет екі ел арасындағы қарым-қатынасты бұзады» деді ол.

Ал ақпаратқа дәлел ретінде келтірілген суреттер талай жерге тарап үлгерді. Алайда оның өтірік екені әшкере болып жатыр. Сөйтсе, бұл суреттер Лондонның Стимфилд базарының жарнамасы үшін түсірілген екен. Ал онда тұрқы адамның дене мүшелеріне ұқсайтын ет сататын дүкен бар.


Әрине, Замбия үкіметі бұл ақпарат үшін кешірім сұрады.

Айта кетейік, өткен жылы жария болып, артынан теріске шығарылған осы ақпарат енді қайта таралып жатыр.