Сенбі күні АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі 1989-жылғы Тяньаньмэнь алаңындағы оқиғаларға қатысты мәлімдеме таратып, Қытай үкіметін аталмыш оқиғаға қайтадан баға беруге және адам құқығы саласындағы халықаралық нормаларға бағынуға үндеді.
Мәлімдемеге қатысты түсініктеме берген Кун Цюань Қытай жағы 1980-жылдардың аяғында ел ішінде белең алған саяси құбылысқа әлдеқашан өз бағасын бергенін атап өтті. «Сол кезде Қытай Коммунистік партиясы мен Қытай үкіметі жұртшылыққа етене арқа сүйей отырып, шешімді шаралар қолдану арқылы реформалар мен дамуға қатысты жалпы ахуалды бақылауға алып, Қытайға ғана тән өзіндік ерекшелігі бар социализм құру ісін қорғап қалумен бірге реформалар мен ашықтық саясатын бұлжытпай жүзеге асыра берді»,- деді ол.
«Соңғы 16 жылда Қытай әлеуметтік-экономикалық жоғары өсімге қол жеткізсе, Қытай халқы заңды негізде түрлі құқықтар мен бостандықтарды еншілеп отыр. Бұл — тұрақтылықтың төтенше маңызын толыққанды дәлелдейді»,- деді ҚХР СІМ-нің өкілі.
«Біз АҚШ жағын өзінің ішкі ісіне көбірек мән беріп, Құрама Штаттарындағы адам құқығын бұзуға қатысты мәселелердің шешімі туралы көбірек бас қатыруға шақырамыз»,- деді Кун Цюань.