Қытай АҚШ-тың Иранға қатысты біржақты санкция енгізуіне қарсы
Қытай Иранға қатысты біржақты санкция енгізілуіне қарсы. Санкциялар мен қысым көрсету ирандық ядролық мәселені шешуге көмектеспейді, деп мәлімдеді Бейжіңде қытайлық СІМ-нің ресми өкілі Хуа Чуньин. |
Осы аптада АҚШ президенті Барак Обама Иранның мұнайгаз секторына және бірқатар қаржы компанияларына қатысты экономикалық санкцияларды енгізуге рұқсат беретін заң жобасына қол қойды.
Қытайлық дипломаттың пікірінше, Иран ядролық мәселесін шешудің жалғыз жолы - «диалог және ынтымақтастық».
Хуа Чуньин Иранды МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тереңдете түсуге шақырды және Иран мен «алтылық» арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңі басталатынына үміт білдірді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін