Осы аптада АҚШ президенті Барак Обама Иранның мұнайгаз секторына және бірқатар қаржы компанияларына қатысты экономикалық санкцияларды енгізуге рұқсат беретін заң жобасына қол қойды.
Қытайлық дипломаттың пікірінше, Иран ядролық мәселесін шешудің жалғыз жолы — «диалог және ынтымақтастық».
Хуа Чуньин Иранды МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тереңдете түсуге шақырды және Иран мен «алтылық» арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңі басталатынына үміт білдірді.