«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, 9 күнге созылатын гастрольдік сапардың мақсаты — шетелдерде тұрып жатқан қытайлықтармен қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау және федерацияның қытайлық эмигранттардың жергілікті бірлестіктерімен арадағы байланысын күшейту болып табылады.
Ансамбль әртістері қазақстандық көрермендерге үлкен көлемді бағдарлама дайындап отыр, оның ішінде «Ұйғырдың он екі мақамы» музыкалық-поэзиялық топтамасы, қазақтың халық әндері мен билері, цирк нөмірлері бар.
Гастрольдік сапарды ұйымдастырып отырған Шетелдерден оралған қытайлықтардың бүкілқытайлық федерациясы 2008 жылдан бері әлемнің 40 елінде осындай 200 шақты гастроль ұйымдастырған.