"Қытай әскери әлеуеті басым ел, бірақ әлі супердержава емес» - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қытай әскери әлеуеті басым ел, бірақ әлі супердержава емес»

"Қытай әскери әлеуеті басым ел, бірақ әлі супердержава емес»

Ресейлік интернет-басылым lenta.ru Карнеги қорының вице-президенті, көп жылдан бері Қытайды зерттеп келе жатқан маман Дуглас Паалмен сұх

  • 22 Қыркүйек 2016
  • 532
Фото - Caravan.kz

Ресейлік интернет-басылым lenta.ru Карнеги қорының вице-президенті, көп жылдан бері Қытайды зерттеп келе жатқан маман Дуглас Паалмен сұхбатты жариялады, деп жазады egemen.kz.  Төменде сұхбаттан негізгі цитаталар.

Қытай баяғыда «белесебет мінген адамдар» елі болған. Қазір ол – аймақтағы аса маңызды ойыншы. Бірақ Қытайды жаңа көтеріліп келе жатқан супердержава деп те атай алмаймын. Вашингтонмен теңесу үшін Пекин әлі 30 жыл аса уақыт жылдам қарқынмен дамуы керек. АҚШ та бір орында тұрмайтынын ескеру керек.

Қытайды тіпті Жапониямен салыстыру ерте. Жапонияның экономикасы мен әскери салаға жұмсайтын шығындары төмендесе, ал Қытайдікі жылдам өсіп отырса, екі елдің әскери теңіз күштерінің қуаты 2030 жылы ғана теңеседі.

Егер қазір Пекин Шығыс Қытай теңізіндегі Сенкаку аралдары үшін Токиомен соғысқа киліксе, күйрей жеңілген болар еді. Үздік теңізшілер, үздік әскери ұшқыштар, үздік ұшқыштар – мұның ешқайсысы әлі Қытайда жоқ.

Бұрын мен АҚШ пен Қытай арасында «жанама соғыс» болуы мүмкін емес деп ойлайтынмын
(Жанама соғыс – екі елдің өз мақсаттарына жету үшін үшінші бір елдің территориясында және сол елдің ресурстары көмегімен қақтығысуы – ред.)
Ал қазір мұндай қақтығыс мүмкін нәрсеге айналды.

Ол Вьетнам мен Қытайдың немесе Жапонияның Қытаймен соғысы болуы мүмкін. Біз қаламаймыз, бірақ ондай қақтығыстың алғышарттары бар: Пекин өзінің мүдделерін агрессивті жолмен қорғап келеді. Және біздің одақтастарымызбен қақтығысқа түсуде. Біз оларды қорғауға міндеттіміз.

Меніңше, Қытай Ресеймен қазіргіден де терең қатынасқа барғысы келеді. Бірақ Ресейдің Қытаймен одақтасуға намысы жібере қоймайды. Өйткені, Пекин ол одақта «аға» болғысы келеді. Мәскеу бұған көне қоймайды.

Обама Пекинге қатысты «Қатаң позиция ұстағыларың келе ме? Біздің позиция одан да қатаң болады!» деген принципке көшкен сияқты. Меніңше Пекинмен диалогта мұндай көзқарас жарамайды.