Қытай азаматы ұшақта қазақстандықтың қомақты қаражатын ұрлап алған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай азаматы ұшақта қазақстандықтың қомақты қаражатын ұрлап алған

Қытай азаматы ұшақта қазақстандықтың қомақты қаражатын ұрлап алған

Қытай азаматы қазақстандық әуе көлігі жолаушысының ірі көлемдегі қаражатын тонап кеткен, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен. 

  • 21 Қазан 2015
  • 463
Фото - Caravan.kz


«2015 жылғы 19 қазан күні таңғы сағат 07:15-те Алматы әуежайындағы желілік полиция бөліміне Алматы қаласының тұрғыны азамат Е.Турабековтен «Мәскеу-Алматы» бағыты бойынша ұшу кезінде портфелінде тұрған 280 000 теңге ақшасын ұрлатқаны туралы арыз келіп түскен. Аталған қылмысқа қатысты күдікті ретінде ҚХР азаматы ұсталды. 
Күдікті жолаушы ретінде осы әуе маршрутымен ұшып келген, бұдан соң «Алматы-Бейжің» бағытымен ұшуды жалғастырмақ болған. Сотқа дейінгі тергеу барысында ҚХР азаматы жасаған айыбын толық мойындап, ол азаматтан 280 000 теңге ақша алынды», делінген хабарламада. 
Қылмыстың жолын кесу мақсатындағы шаралар қолға алынды.

Соңғы жаңалықтар