Қытай бейдауа өкпе қабынуы дертіне шалдығуға байланысты жаңа оқиғаның тіркелгенін дәлелдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай бейдауа өкпе қабынуы дертіне шалдығуға байланысты жаңа оқиғаның тіркелгенін дәлелдеді

Қытай бейдауа өкпе қабынуы дертіне шалдығуға байланысты жаңа оқиғаның тіркелгенін дәлелдеді

Қосымша зерттеулер жүргізу нәтижесінде Қытай өкіметі осы елдің Гуанчжоу қалалық ауруханасында жатқан науқастың бейдауа өкпе қабынуы дертіне шалдыққанын дәлелдеді,- деп хабарлайды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сілтеме жасай отырып БҰҰ-ның ресми сайты.

  • 6 Қаңтар 2004
  • 913
Фото - Caravan.kz

Қазір 32 жастағы телепродюсердің денсаулық ахуалы оңалып қалған. Оның дене ыстығы қалыпты деңгейде сақталуда. Науқас 2002-жылы тұңғыш рет бейдауа өкпе қабынуы дерті тіркелген атышулы аурухананың изоляторында жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сүйенсек, қазіргі жағдаймен сырқатпен қарым-қатынаста болған барлық адамдар айқындалыпты. Олардың ешқайсысынан бейдауа өкпе қабынуы дертіне шалдығу белгісі табылған жоқ.
Әзірге науқастың беймәлім өкпе қабынуы дертіне қалай шалдыққаны белгісіз күйінде қалып отыр. Алдын-ала зерттеулер қорытындысы науқастың ағзасынан алынған вирустың виверр деп аталатын мысыққа ұқсас тағы хайуанаттың ағзасынан табылған вирусқа ұқсастығын айқындап берді. Аталмыш хайуанаттың еті Қытайдың көптеген аудандарында жеңсік тағам боп саналады. Осыған байланысты қосымша зерттеулер өткізілгелі отыр.
Бұл соңғы алты айда бейдауа өкпе қабынуы дертінің Қытайда алғаш рет тіркелуі. Бұған дейін аталмыш дерттен Қытайда 349 адам көз жұмған болатын. Жалпы алғанда дүниежүзінде 774 адам осы дерттен қаза тапты. Эпидемия етек алған кезеңде бұл аурумен 8 мың адам ауырды.

Соңғы жаңалықтар