Қытай дәрігерлері коронавирус қай жануардан жұғатынын анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай дәрігерлері коронавирус қай жануардан жұғатынын анықтады

Қытай дәрігерлері коронавирус қай жануардан жұғатынын анықтады

Панголин деп аталатын жануар коронавирустың жаңа түрінің аралық иесі болуы мүмкін.

  • 25 Ақпан 2020
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Qazaqstan.tv -ға сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ммлекеттік комитеттің COVID-2019-ға қарсы әрекет ету жөніндегі сараптама комиссиясының басшысы Лян Ваньнянь баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта зерттеулер коронавирустың жаңа түрінің иесі жарқанаттар, ал панголиндер аралық иесі болуы мүмкін екенін көрсетіп отыр», — деп мәлімдеді Лян Ваньнян.


Бұған дейін Оңтүстік Қытай ауыл шаруашылығы университеті мен Гуандундағы заманауи ауыл шаруашылығы зертханасының ғалымдар тобы зерттеу жүргізіп, коронавирустың жаңа түрінің аралық иелері панголиндер болуы мүмкін екенін айтты. Кейін ҚХР Ғылым және техника министрлігінің ғылыми-техникалық даму басқармасының басшысы У Юаньбиннің пікірінше, коронавирустың ең ықтимал көзі жарқанат деген тоқтамға келді.